Pro Hokei Ligasy. Ақтөбе минималды есеппен Құлагержі жеңді
Қазақстан хоккей чемпионатының тұрақты кезеңінде "Ақтөбе" "Құлагерден" маңызды реванш алды.
Ақтөбеліктердің құрамында Стас Петросян, Вадим Митряков және Леонид Беляев бір шайбадан соқты. "Құлагер" командасынан шайбаларды Александр Своеволин мен Станислав Рангаев салды.
Pro Hokei Ligasy. 29 қараша
“Ақтөбе” – “Құлагер” – 3:2 (2:0, 1:1, 0:1)
Голдар: 1:0 – Петросян (Ершов), 14:44; 2:0 – Митряков (Комаров), 18:03; 2:1 – Своеволин, 23:24; 3:1 – Беляев (Двуреченский, Сошников), 32:59; 3:2 – Рангаев (Бабинцев), 41:48.
Қақпашылар: Ершов – Каратаев
"Ақтөбе" Pro Hokei Ligasy-да жетінші орынға көтерілді, командада қоржынында 23 ұпай бар. "Құлагер" турнирлік кестеде 9-орынға түсіп, теріскейліктердің 20 ұпайы бар.
Pro Hokei Ligasy. “Номад” тартысты матчта Алматыға есе жіберді.