locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Петропавлдық “Құлагер” ХК қатары жаңа хоккейшілермен толықты

Фото: Кулагер

Теріскейлік “Құлагер” ХК екі жаңа хоккейшімен келісім-шартқа отырды. Команда сапына шабуылшы Константин Морожников және қорғаушы Артем Гончарев келіп қосылды.

22 жастағы ресейлік Артем Гончаров өткен маусымда "Динамо-Алтай" сапында өнер көрсетті. ЖХЛ чемпионатында 39 кездесуде, 3 нәтижелі пас берген.

Ал 20 жастағы Константин Морожников астаналық хоккей мектебінің түлегі. “Снежные Барсы” құрамында 50 кездесуге қатысқан. Жастар лигасында 17 ұпайға қол жеткізген .