Овечкин ҰХЛ Гретцкидің тарихи жетістігіне бір қадам қалды


Ұлттық хоккей лигасының (НХЛ) кезекті матчында "Вашингтон Кэпиталз" өз алаңында "Филадельфия Флайерз" командасын 3:2 есебімен жеңді. Ойынның басты сәттерінің бірі – команда капитаны Александр Овечкиннің голы болды.
Ресейлік шабуылшы бірінші кезеңнің 15-минутында есеп ашып, ҰХЛ мансабындағы жалпы гол санын 888-ге жеткізді. Бұл шайбаны соғуда оған қорғаушы Тревор ван Римсдайк пен беларусь шабуылшысы Алексей Протас көмектесті.
Бұл гол Овечкинге лига тарихында бірінші кезеңдерде ең көп шайба соққан үш ойыншының қатарына енуге мүмкіндік берді. Қазір оның есебінде 240 гол бар – бұл көрсеткіш бойынша ол аты аңызға айналған Фил Эспозитомен теңесті. Бұл тізімде көш бастап тұрған Уэйн Гретцкидің еншісінде 241 шайба бар.
Ағымдағы маусымда Овечкин 53 матч өткізіп, 35 гол және 22 нәтижелі пас берді. Оның пайдалық коэффициенті "+20" деңгейінде.

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42