locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Овечкин Гретцки мен Гартнердің рекордын жаңартып, ҰХЛ тарихына енді

Хоккей 21 нау 2025 01:07
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Овечкин Гретцки мен Гартнердің рекордын жаңартып, ҰХЛ тарихына енді
ФОТО: Getty Images

"Вашингтон Кэпиталз" капитаны Александр Овечкин Ұлттық хоккей лигасында (НХЛ) ерекше жетістікке жетіп, 35+ шайба соққан маусымдар саны бойынша жаңа рекорд орнатты.

"Вашингтон" өз алаңында "Филадельфия Флайерз" командасын 3:2 есебімен жеңді. Бірінші кезеңнің 15-минутында Овечкин есепті ашып, осы маусымдағы 35-ші шайбасын соқты. Бұл оның мансабындағы осындай 15-ші маусымы болып, лига тарихындағы ең үздік көрсеткішке айналды.

Бұл тізімде Овечкиннің ең жақын қарсыласы – "Вашингтонның" бұрынғы ойыншысы Майк Гартнер, ол 14 маусымда 35+ гол соққан. Ал әйгілі Уэйн Гретцки 13 маусыммен үшінші орынға жайғасты.

Қазіргі таңда Овечкин ҰХЛ-да 1479 матч өткізіп, 888 шайба соғып, 719 нәтижелі пас берген.

Сондай-ақ оқыңыз: Овечкин ҰХЛ Гретцкидің тарихи жетістігіне бір қадам қалды

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie