Қоштасу ойынындағы ірі жеңіс: Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында жеңіске жетті


Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатының В тобы (бірінші дивизион) аясындағы соңғы кездесуін Словенияға қарсы өткізіп, 9:1 есебімен айқын жеңіске жетті.
Бірінші кезеңде есепті Екатерина Куценко ашты. Екінші кезеңде Дарья Молдабай дубль жасап, Анна Пяткова, Пернеш Ашимова және Александра Воронова да мергендік танытты. Үшінші кезеңде Анастасия Оразбаева, Татьяна Королева және тағы бір рет Куценко қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Словения құрамасы тек ойынның соңына қарай бір шайба салуға мүмкіндік алды - 9:1.
Әлем чемпионаты.IB. Әйелдер
«Словения» – «Казахстан» - 1:9
Турнир қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы екі жеңіске жетіп, үш кездесуде жеңіліс тапты. Жинаған 6 ұпайымен команда турнир кестесінің төртінші сатысында тұрақтады. Бұл нәтиже құраманың деңгейіне әсер етпейді - не жоғарылату, не төмендету болмайды.

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42