locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Орехов 2025 жылғы әлем чемпионатының соңғы ойынына жарақатына байланысты қатыса алмайды

Хоккей 19 мам 2025 12:59
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Орехов 2025 жылғы әлем чемпионатының соңғы ойынына жарақатына байланысты қатыса алмайды
ФОТО: KХФ

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының қалған бөлігінде негізгі қорғаушыларының бірі – Валерий Ореховтің көмегінсіз қалады. Хоккейші ауыр жарақат алып, турнирді мерзімінен бұрын аяқтады.

Қазақстан хоккей федерациясының хабарлауынша, Орехов құраманың Астанадағы дайындық кезеңінде жарақат алған. Соған қарамастан, ол ауырсынуға төзіп, ұлттық құрама сапында өнер көрсетуге бел буып, нағыз жанкештілік пен патриоттық рух танытты.

АҚШ-пен өткен матчтан (1:6) кейін қорғаушы медициналық тексерістен өтіп, дәрігерлер оның асықты жіліктің тобықтағы сүйегін сындырып алғанын анықтады. Осылайша, Валерий Орехов үшін әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 20 мамыр күні Швейцарияға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 15:20-да басталады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie