Олимпиада іріктеу кезеңі алдында Қазақстан құрамасында мәселе туындады
Президент кубогы аясында Барысқа қарсы өткізген ойында Қазақстан құрамасының маңызды ойыншысы, шабуылшы Батырлан Муратов жарақат алып қалды. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясы хабарлайды.
Жарақатқа байланысты Муратов алда болатын іріктеу кезеңіне қатыса алмайды. Бұл өз кезегінде біздің құрама үшін ауыр соққы болары анық.
Ұлттық құрама қазір олимпиада іріктеу турниріне дайындалуда. Дайындықтың екінші кезеңінде командаға Никита Михайлис, Валерий Орехов, Евгений Рымарев және Артем Лихотников келіп қосылды. Иван Степаненко да келеді деп күтілуде, ал Андрей Шутов, Аркадий Шестаков және Леонид Метальников командаға Еуропағы дайындықтың үшінші кезеңінде қосылады.
23 тамызда толық құрам Чехияға аттанады. 25 тамыз Хомутовта жолдастық матч өткізеді. 27 тамыз күні Қазақстан құрамасы Братислава қаласына жетеді, және 29-ы күні іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын Венгрияға қарсы өткізеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52