Олег Болякин: Жеңіліс үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын


Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин 2025 жылғы әлем чемпионатында Венгриядан (2:4) ұтылғаннан кейін ойынға қатысты пікір білдірді.
«Біз қозғалыста, бейтарап шайбалар үшін күресте ұтылдық. Шайбаны иемденуде, ойын эпизодтарында қарсыласқа жол беріп қойдық. Бұл — біздің шоғырлануымыздың жоқтығы. Үшінші кезең алдында ойыншыларға «мобилизация болу керек» деп ескерттік, алайда команда қайтадан ойынға нашар кірісті. Бұл өте алаңдатады», — деді Болякин.
Сондай-ақ, бапкер құраманың өз аймағынан шығу кезіндегі сәтсіз әрекеттері мен стандарттардағы жеңілістерге тоқталды:
«Бұл видео талдауға байланысты емес. Бәрін көрсетіп, түсіндірдік. Бірақ қателіктер қайталанып жатыр. Бұл дұрыс емес. Әсіресе екінші гол – біздің шабуыл аймағымызда стандарттан кейін. Біз жиі лақтыруларды ұтыламыз, шайбаға бірінші жетпейміз, қарсыласты тоқтату жоқ».
Мотивация мәселесіне байланысты да бапкер ашық жауап берді:
«Команда жеңсе ойыншылар, жеңілсе — бапкер жауапты. Бұл жерде мен дұрыс жеткізе алмадым, демек, менің қателігім».
Дмитрий Бреус пен Евгений Рымаревтің ойыны туралы да пікір білдірілді:
«Бреус сенімді көрінді. Оның ойынында кемшілік аз болды. Бұл кейбір тәжірибелі ойыншылардан жақсырақ болды».
Ертең өтетін Даниямен ойынға байланысты:
«Олар фавориттерге ғана есе жіберді. Қазір бізге өзімізге келіп, тек күш салып емес, барымызды салып ойнау қажет. Норвегиямен солай болған. Дәл сондай ойынды күтеміз».
Сөз соңында Олег Болякин жанкүйерлерден кешірім сұрады:
«Бүгінгі ойынымыз үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Мұндай деңгейде олай ойнауға болмайды. Жауапкершілік толық менің мойнымда».
Роман Старченко хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан-Мажарстан матчының үздік ойыншысы атанды.

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16