Олег Болякин: "Мұндай халықаралық тәжірибе өте қажет"
Қазақстан ұлттық құрамасы Алматыда өткен Азия чемпионатының соңғы матчында Жапонияны жеңіп, турнирдің алтын медальдарын жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин турнирдің қорытындысын шығарды:
- Турнирдің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды, командалар өте мықты және жақсы дайындалған. Жанкүйерлер турнирді ұнатып, оны қолдағандары үшін көп рақмет. Бүгінгі ойынға келсек, нәтиже шынайы көріністі толық көрсетпейді деп айтуға болады. Бұл екі тең дәрежелі команда арасындағы тартыс болды. Біз қарсыласты зерттеп, оларға тән жылдамдық пен қозғалысты есепке алып, кейбір сәттерді жоюды мақсат еттік. Сондықтан барлығын жеңіспен құттықтаймын. Бізде жас ойыншылар болды, олар бұл турнирде алғаш рет медаль алып отыр. Бұл өте маңызды әрі жақсы фактор деп ойлаймын.
- Алғашқы ойында құрама өзгеретіні туралы айттыңыз.
- Біз құраманы өзгерттік. Бірақ бізде бақылау ойындары болған жоқ. Көптеген ойыншыларды жақсы танитынмын, бірақ біз көбіне комбинацияларды және байланыстарды дамыттық. Бұл оңай болған жоқ, өйткені ойында тексермей оны жасау қиын. Сондықтан бәрі спонтанды түрде болды. Біз басым болдық, көп мүмкіндік жасадық. Барлығы қалай болды, солай болды. Бірінші блин комом дегендей. Кейін бәрі жоспарымыз бойынша жүрді, бүгінгі жеңіске өте қуаныштымыз.
- Осы турнирді Азия ойындарына дайындық деп санауға бола ма?
- Әрине. Шамамен барлық ойыншылар Қазақстан чемпионатынан жиналды. Тек екі қақпашы, бір шабуылшы ВХЛ-де ойнайды, ал Дима Бреус КХЛ-де. Осы құрамдағы жігіттер белгілі бір үлес қосты. Алматыда осындай керемет хоккейші өсіп келе жатқанына қуаныштымын, Дима ұлттық құраманың көшбасшысына айналуда.
- Сіз турнир алдында уақыттың аз болғанын айттыңыз. Азия ойындарына дайындық үшін уақыт көбірек бола ма?
- Үмітім бар. Себебі Азия ойындары – әлдеқайда маңызды турнир, онда міндеттер де қатаң болады.
- Ойыншылардың құрамын ойын барысында көріп, сол ойыншыларға сүйенесіздер ме?
- Егер КХЛ ойыншылары келсе, олардың көмегінен бас тартпаймыз. Олар жақсы дайындалған, мен олармен Словакиядағы іріктеу кезеңінде жұмыс істедім. Иә, біз сәтсіз ойнадық, бірақ біз мықты, тең деңгейдегі командаларды жеңдік. Словакиямен ойнау бізге қиын болды, себебі НХЛ ойыншылары деңгейі бізден жоғары болды.
- Бүгінгі ойын олардың мүмкіндіктерін көрсетті деп айтуға бола ма?
- Әрине. Алдыңғы ойын өтіп кетті, біз одан кейін қорытынды жасадық, ойыншылармен сөйлестік. Менің ойымша, біз кеше де жеткілікті түрде сенімді ойнадық. Көп мүмкіндіктер жасадық, бірақ бәрін бірінші кезеңде шешу керек еді. Бірақ қорқыныш өз әсерін тигізді. Көптеген ойыншылар осындай деңгейде әлі ойнаған жоқ. Бірақ жанкүйерлерді атап өту керек, олар бізді қолдады, тіпті бірінші кездесуде нәтиже шықпай, ойындарымыз күрделі болғанда да қолдауды тоқтатқан жоқ.
- Кеше қытайлар корейлерді жеңеді деп айттыңыз. Сіз дұрыс болдыңыз.
- Мен кәсіби жаттықтырушы болғандықтан командалардың құрамын көріп, талдадым. Мен Қытай құрамасында 15 ойыншының арнайы дайындықтан өткенін және олардың деңгейі бар екенін білдім. Олар өз деңгейін көрсеткенін дәлелдеді.
- Қытайдың жеңісі қысымды жеңілдетті деп айтуға бола ма?
- Әрине. Біз тең жағдайға келдік. Жапондар қорғанысқа көшуге дайын болар еді. Бірақ ойын өте керемет өтті.
- Азия чемпионатын өткізу қаншалықты пайдалы?
- Әрине, өте пайдалы. Біріншіден, біздің жастарымызға осындай тәжірибе қажет. Мұндай турнирлерге қатысу маңызды. Біз Кирилл Никитинді қатыстырмадық, бірақ Хакназар Кенесбай өте сенімді көрінді. 2000 жылы туған жігіттер керемет ойнады, олардың карьерасы енді басталады. Біздің қақпашылар тобы тамаша ойнап жатыр.
- Қытаймен матчтан кейін "қуануға ештеңе жоқ" деген едіңіз. Бүгін қуанышқа негіз бар ма?
- Команда турнирде жеңгенде бәрі қуану керек. Біз чемпионатты жеңіспен аяқтадық, бұл өте оңды сәт.
- Осы эксперименттік құрам туралы не айтасыз?
- Құрам қалыпты. Алғашқы ойында мен біздің көшбасшыларымыз тиісті деңгейде ойнамады деп айтқан едім. Кеше сол Евгений Рымарев капитандық міндеттерді өзіне алып, ойынымен, қалай ойын өткізу керектігін көрсетті. Дмитрий Бреус жақсы көрінді. Біздің жастар өсіп келе жатыр, менің ойымша, осы жеңіс барлығына серпін береді.
ММА
Бүгін 14:48