Олег Болякин Әлихан Әсетовтың АҚШ құрамасына қарсы ойнамаған себебін түсіндірді
Хоккей
19 мам 2025
03:06

Арсен Алиев
Редактор

ФОТО: Getty Images
Қазақстан ұлттық хоккей құрамасының бас бапкері Олег Болякин элиталық дивизиондағы әлем чемпионатында АҚШ құрамасына қарсы өткен ойында шабуылшы Әлихан Әсетовтың не себепті қатыспағанын түсіндірді.
– «Әлиханның белі ауырып жүр. Бұл жарақаттың қаншалықты ауыр екенін нақты айта алмаймыз. Ертең демалыс күні, қажетті ем-дом шараларын жасап, жағдайын нақтылаймыз», – деді Болякин.
Топтық кезең аясындағы кезекті ойында Қазақстан құрамасы АҚШ командасынан 1:6 есебімен ойсырай жеңілді.
Келесі кездесу Олег Болякиннің шәкірттері үшін 20 мамыр, сейсенбі күні өтеді. Қазақстан құрамасы Швейцариямен күш сынасады. Матч Астана уақытымен сағат 15:20-да басталады.
Танымал жаңалықтар


Футбол
Бүгін 03:13
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек