locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Олег Болякин «Барысқа» қайтып оралуы жайлы пікір білдірді

Хоккей 28 сәу 2025 03:20
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Олег Болякин «Барысқа» қайтып оралуы жайлы пікір білдірді
ФОТО: ХК «Барыс»

Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин астаналық «Барысқа» қайта оралуы жөніндегі қауесеттерге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Shaiba.kz.

— Сіздің «Барысқа» қайта оралуыңыз мүмкін деген әңгімелер жүр. Бұл қаншалықты шындық?

— Мен бұл жайлы ештеңе айта алмаймын, себебі бұл тақырыпта менімен ешкім сөйлескен жоқ. Мен үшін «Барыс» тақырыбы жабық.

— Өз еркіңізбен қайтқыңыз келе ме?

— Менің қалауым ештеңені шешпейді. Мысалы, мен бір қаланың әкімі болғым келуі мүмкін ғой (күледі). Бірақ бәрін басшылық шешеді, олар ережені де, стратегияны да анықтайды. Мен бұған дейін де айтқанмын – қайда тағайындаса, сол жерде жұмыс істеймін. Қазір менің басты мақсатым – команданы сапалы дайындау. Осы себепті біз ойыншыларды шақырып, бапкерлік құрамды күшейттік. Мақсат – әлем чемпионатында жақсы нәтиже көрсету.

Еске салайық, бұған дейін «Барыс» клубының бас директоры Нұрлан Оразбаев қызметінен кеткен болатын.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie