locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Олег Болякин «Барыс» клубының жаңа бас директоры болуы мүмкін

Хоккей 14 сәу 2025 07:21
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Олег Болякин «Барыс» клубының жаңа бас директоры болуы мүмкін
ФОТО: Getty Images

Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері Олег Болякин қайтадан елордалық «Барыс» клубына оралуы ықтимал.

Бұл жолы ол бас директор қызметіне үміткер ретінде қарастырылуда. Ақпаратты журналист Алексей Шевченко өз Telegram-арнасында хабарлады. Оның айтуынша, Болякин Нұрлан Оразбаевтың орнына негізгі кандидат саналады.

Еске салайық, 2024 жылдың қазан айында Болякин «Барыс» клубының бас менеджері қызметінен кеткен болатын. Оның орнына Нұрлан Оразбаев тағайындалды. Алайда 2025 жылдың 8 сәуірінде клуб Оразбаевпен келісімшарттың бұзылғанын ресми түрде мәлімдеді.

Оразбаев басқарған кезеңде Солтүстік Америкадан келген бірнеше легионермен келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылып, оларға өтемақы төлеуге тура келген.

Оның қызметінен кеткен соң «Барыс» пен фарм-клуб «Номад» ойыншылары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, бұрынғы бас менеджерді қайтадан тағайындауды сұрады.

2024/2025 жылғы КХЛ маусымы «Барыс» үшін ең сәтсіздердің бірі болды — команда турнирлік кестенің соңында қалып, 68 ойында небәрі 35 ұпай жинады.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie