«Ойыншылар соңына дейін ойнамайды». Олег Болякин Чехиямен кездесудегі сәтсіздіктің себебін түсіндірді


Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин 2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі бесінші матчта Чехиядан ірі есеппен (1:8) жеңілген ойын туралы пікір білдірді.
Маман кездесудің басында команда жақсы ойнағанын, алайда қорғаныстағы өрескел қателіктердің ауыр жеңіліске себеп болғанын атап өтті.
«Бірінші кезеңде жігіттердің жанкештілігіне ешқандай өкпе жоқ. Алаңда қорғаушы болып ойнайтын хоккейшілер өз міндетін толық атқаруы тиіс. Ойын соңындағы сенімділік коэффициенті кімнің қалай ойнағанын көрсетіп тұр. Тамирлан Ғайтамиров пен Артнм Королнвтың көрсеткіші – нөл, ал қалған ойыншыларда — «минус үш», «минус төрт». Бірінші кезеңде біз шабуылда да, қорғаныста да сенімді ойнадық. Бірақ жіберіп алған аумақтарымызда кеткен дөрекі қателіктер, соның ішінде жас ойыншыға толыққанды ойынға кіруге мүмкіндік бермей қойғанымыз – барлығы әсер етті», - деді бапкер shaiba.kz сайтына берген сұқбатында.
Болякин чехтармен кездесудегі негізгі мәселе - қарсыластың бір-бірімен бетпе-бет шығуы болғанын айтты. Оның сөзінше, қорғаушылар өз аймақтарын дұрыс жаппай, үлкен қателіктерге жол берген.
Сондай-ақ, ол құраманың тәртібі мен тапсырмаларды орындау деңгейіне көңілі толмағанын жеткізді.
«Жанкештілікке шағым жоқ, бірақ ойын мазмұны мен тапсырманы орындауда үлкен кемшіліктер бар. Екінші кезеңде жігіттерге ойын тәртібі қажет екенін, ауысымдарды асыра орындауға болмайтынын ескерттік , алайда дәл осыдан негізсіз шеттетулер басталды. Ойыншылар соңына дейін ойнамайды, агрессивті хоккей көрсетпейді», - деді ол.
Қазақстан құрамасы бес матчтан кейін үш ұпай жинап, элита дивизионындағы орнын сақтау үшін күресті жалғастырып жатыр. Алда шешуші екі ойын - 18 мамырда АҚШ-пен және 20 мамырда Швейцариямен.
