locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Нұрлан ОРАЗБАЕВ: “Керісінше, ақшаны үнемдейміз”

Хоккей 18 қаз 2024 07:29
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
Фото: Барыс
Нұрлан ОРАЗБАЕВ: “Керісінше, ақшаны үнемдейміз”

“Барыс” хоккей клубыныың директоры Нұрлан Оразбаев баспасөз мәслихатында легионерлер келісім-шарттарды бұзатынын хабарлаған болатын. Клубтың баспасөз қызметі ресми түрде бірнеше хоккейшімен келісім-шарттардың бұзылғанын хабарлады. Оразабевтың сөзінше, легионерлердің кетуі ақшаны үнемдеуге алып келеді. Елордалық команда келісім-шарттың толық соммасын емес тек 50%-ын төлейтін көрінеді.

“Біз, керісінше, қаражатты үнемдейміз, келісімшарттың толық сомасын емес, 50%-ын төлейміз. Бұл кәсіби ойыншылар, біз регламентке сәйкес әрекет етеміз, бұл – біздің құқығымыз. Өтемақы төлейміз, ойыншыларға бұл жағдайды түсіндірдік, мұның ойынға қатысты емес екенін айттық. Екі қадам артқа шегінуге тура келеді”.

Сонымен қатар, Нұрлан Оразбаев жаңа менеджер қызметіне ешкімді сайламайтынын айтты. Қазақстандық ойыншылармен, Ресейлік хоккейшілер құрамда қалады екен.

“Менеджердің қажеті жоқ деп есептеймін, барлық келісімшарттарға өзім қол қоямын. Селекция бойынша өзгерістер болмайды, бізге қажет ойыншыларды қалдырдық. Ресейлік ойыншыларды да қалдырдық, өйткені тәжірибелі ойыншылар керек, жастар соларға қарап бой түзейді. Олардың тәжірибесі мол, әрі командада орыс тілінде қарым-қатынас жасау жеңіл болады”.

Оразбаев - Қарағандының “Автомобилист”, Теміртаудың “Бұлат” және Астананың “Барыс” командаларында ойнаған бұрынғы кәсіби хоккейші. Қазір ол үшінші рет “Барыс” клубының директор ретінде тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті 2006-2012 жылдар аралығында және 2013-2015 жылдар аралығында жұмыс атқарған.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie