Номадтың ресейлік хоккейшілері клубтан кетеді
Хоккей
24 қаз 2024 08:42
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty Images
Клубтың жаңа басшысы Нұрлан Оразбаевтың шетелдік хоккейшілерге клубта ойнауға тыйым салғаннан кейін, “Номад” командасының бас бапкері Георгий Верещагин спортшыларға болашағын анықтауға мүмкіндік бергенін «Головой об лед» сайты хабарлайды.
Бас бапкер бұл үшін үш матч уақыт берген. Ресейлік төлқұжаты бар хоккейшілер үшін “Номадтағы” соңғы матчтары 30 және 31 қазанда “Торпедоға” және мүмкін “Кұлагерге” қарсы үйдегі ойындар болмақ.
Осылайша, қараша айында “Номад” командасында шетелдік хоккейшілер болмауы әбден мүмкін.
“Номадтағы” шетелдік хоккейшілер тізімі: Артур Гусев, Сергей Зеленин, Сергей Можаев, Максим Петров, Никита Колобов, Роман Коченевский, Матвей Носов, Андрей Рунов.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52