Никита Бояркин 40 соққыны қайтарып, Барысқа жеңіс әкелген матчтың қаһарманы атанды
Хоккей
14 қара 2024 00:22
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: БАРЫС ХК
“Астаналық “Барыс” Құрлықтық хоккей лигасы аясында Нижнекамскінің “Нефтехимигімен” сырт алаңда кездесу өткізді.
Ойын қазақстандық клубтың пайдасына овертаймда 1:2 есебімен аяқталды. Жеңісті шайбаны овертаймда “Барыс” шабуылшысы Кирилл Панюков соқты. Бұған дейін, 11 қарашада өткен осы екі команда арасындағы кездесуде ресейлік клуб 4:1 есебімен сенімді жеңіске жеткен еді.
Қақпашы Никита Бояркин де жеңіске өз үлесін қосты – ол мұзда барлық 60 минут ойнап, 40 соққыны қайтарды. Оның жеке рекорды – 53 сейв.
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52