locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Немировски - жеңіліс туралы: "Тұрақтылық жоқ, көп қателіктер жібереміз"

Немировски - жеңіліс туралы: "Тұрақтылық жоқ, көп қателіктер жібереміз"
Немировски - жеңіліс туралы: "Тұрақтылық жоқ, көп қателіктер жібереміз"

"Барыс" хоккей клубының бас бапкері Дэвид Немировски "Ак Барс" командасынан (0:5) болған ойындағы ойсырай жеңіліске қатысты өз пікірін білдірді. Бапкер команда көшбасшыларының ойыны қанағаттандырмағанын айтып, тұрақтылықтың жоқтығын атап өтті.

"Ойынды жаман бастаған жоқпыз, жақсы ойын көрсеттік, бірақ тұрақтылық жетіспейді - бес минут жақсы ойнаймыз, содан кейін үш минут нашар, сосын қайтадан жақсы. Тұрақтылық үнемі түсіп кетеді, көп қателіктер бар, шешім қабылдауда сенімсіздік көп, көбіне шайбаны қабылдауда қателіктер жасаймыз және көбіне асығыстықпен шешім қабылданады. Алдымен біз таңдаған көшбасшыларға тоқталайық, олар командаға көмектесуі керек еді. Алты ойында бір-екі рет қана көзге түсті. Жалпы алғанда олар көмек көрсете алмай жатыр. Аз гол соғамыз, мүмкіндіктеріміз де аз. Жоғары деңгейлі ойыншылар гол соға алмаса да, әр ойында кемінде үш-төрт мүмкіндік жасауы керек. Әзірге олар көрінбей жатыр. Бұл – басты мәселе. Тұрақтылық та жоқ – екі "үштік" жақсы ойнайды, ал қалған екі "үштік" нашар. Өткен ойынды жеңгенімізбен, барлық төрт шеп бірдей жақсы ойнаған жоқ. Әлі бірде-бір ойында барлық төрт шеп ойыншылары бірдей нәтиже көрсете алмай келеміз", – деді Немировски.

Сондай-ақ, команда бапкері жарақат алған ойыншылар туралы айтты.

"Дамир Жафяров алдағы үш аптада ойнамайды деп ойлаймын. Болье үш апта немесе одан да көп уақыт қатардан шығып кетуі мүмкін. Антипиннің жағдайын әлі нақты білмейміз", – деді маман.

Қазіргі уақытта клуб ҚХЛ турнирлік кестесінде 11-ші орында тұр.

Команда келесі ойынын сырт алаңда "Витязь" клубына қарсы өткізеді. Ойын 21 қыркүйек күні сағат 19:00-де басталады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie