Нефтехимик бапкері Барысқа қарсы ҚХЛ матчындағы жеңісті бағалады
“Нефтехимик” командасының бас бапкері Олег Леонтьев ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында “Барысты” 4:1 есебімен жеңген ойын жайлы өз пікірін білдірді.
“Бұл өте ауыр, күрделі ойын болды. Біз қарсыласты қарымта шабуылдарда ұстауға тырыстық. Жалпы, ойын барысында өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдаланып, жақсы голдар соқтық. Азшылықта болған сәтте, дисциплинаны сақтап ойнадық. Бұл өте қиын, күрделі жеңіс болды. Бірақ біз оны артта қалдырдық және бізге бір күннен кейін тағы ойын өткізу керек, сондықтан келесі матчқа дайындаламыз”,- деді Леонтьев кездесуден кейін.
Бұл жеңіліс “Барыс” үшін ҚХЛ-дегі қатарынан үшінші сәтсіздікке айналды.
Бұған дейін астаналық команда екатеринбургтік “Автомобилиске” (1:3) және қазандық “Ак Барсқа” (буллиттер сериясында 1:2) есе жіберген болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52