Металлург бапкері қазақстандық Михаилистің ойынын сынға алды
Магнитогорлық “Металлургтың” бас бапкері Андрей Разин 29 жастағы Қарағанды тумасы Никита Михаилистің Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымындағы “Барысқа” қарсы ойынын (1:2) қатаң сынға алды.
“Біздің команданың кейбір ойыншылары жеңіске “аш”болса, кейбіреулері тоқмейілісіп қалғандай болды. Аш ойыншылар бұл матчта жеңіске жетуді қатты қалады, шайбаның жолына түсіп, барын салды. Оларға шеберлік жетіспеді, бірақ ынтасы мен жанкештілік арқасында марапатқа ие болды. Ал бізде дайындық жетіспеді, көптеген қателіктер жібердік және бұның соңы жеңіліске әкелді.
Барыс тәртіпті ойын көрсетті және жеңіске деген жігерін айқын көрсетті. Қарсылас бапкердің тапсырмасын бұлжытпай орындап, біздің шабуылдарымызды толықтай бейтараптандырды және көптеген шайбаны өздеріне қабылдады. Ал біз болсақ, өз қақпамызға өте жеңіл голдарды жіберіп алдық.Екінші голдан кейін Пресс екінші кезеңде алаңға шыққан жоқ, бірақ кейін оралды және мен оны кешірдім. Басқа бір ойыншыны жазалауға тура келді. Бізде басымдық кезінде Михаилис алаңға шықты, бірақ өкінішке қарай, нәтиже көрсете алмады. Егер оның осы ойын деңгейін алдын ала білген болсам, матчта оған бес минут та уақыт бермес едім,” - деп келтірді Разиннің сөзін ҚХЛ баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Андрей Разин “Металлургтың” “Барыстан” жеңілгеніне қатысты пікір білдірген болатын.
Баскетбол
Бүгін 07:08
Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:04
Футбол
Бүгін 06:11