locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Металлург» қазақстандық қымбат ойыншыдан құтылғысы келеді

Хоккей 28 сәу 2025 05:00
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
«Металлург» қазақстандық қымбат ойыншыдан құтылғысы келеді
ФОТО: Матч ТВ

Құрлықтық хоккей лигасының «Металлург» клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Никита Михайлиспен қоштасудың жолдарын қарастыруда, деп мәлімдеді журналист Михаил Зислис.

«Металлург» Никита Михайлиспен қоштасудың амалын біраз уақыттан бері іздеп жүр. Бұл енді маған да, «Спорт-Экспресс» басылымына да мәлім болды. Негізгі кедергі — оның жалақысы. Қолданыстағы келісімшарттың мерзімі тағы бір жыл, ал жалақысы – 80 миллион рубль. Егер бұл сома болмаса, ол баяғыда-ақ жаңа клуб табар еді. Клуб басшылығы өтемақы төлеп келісімшартты бұзғысы келмейді. Сұрақ: Михайлис осындай қаржыға қай командаға керек? – деп жазды Зислис.

Өткен маусымда 29 жастағы шабуылшы КХЛ-дың тұрақты біріншілігінде 36 (12+24) ұпай жинап, плей-оффта 3 (2+1) нәтижелі әрекетпен көзге түсті. Гагарин кубогының алғашқы кезеңінде «Металлург» «Авангардтан» 2:4 есебімен жеңілді.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie