Мамбетәлиев Барыстың Сібірден жеңілуінің себептерін атады. Сыйақыға лайық па?
“Барыс” командасының бас бапкері Ғалым Мамбетәлиев Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында өткен “Сібірге” қарсы матчты (0:2) және 2024 жыл қорытындысы бойынша ойыншылардың сыйақы алуы мүмкіндігін бағалады.
— Жігіттер жақсы ойнады, матчта бірнеше мүмкіндіктер жасады, бапкерлік штаютың қойған талаптарын түсінді. Үшінші кезеңде біздің қорғаушыдан рикошетпен шайба қақпаға кіріп кетті. Өкінішке қарай, біз өз мүмкіндіктерімізді голға айналдыра алмадық. Бірақ, менің ойымша, бәрі өз орнына келеді. Жігіттер, әсіресе жастарымыз, өсіп келеді, ойынға жақсы қарқын береді. Олар матчта жоғары қарқын көрсетіп, тәжірибелі ойыншылардан асып түсіп жатыр. Жалпы, ойын сапасы жаман емес. Иә, бұл жеңіліс, бірақ мұндай сәттерден сабақ алуға болады. Біз қорытынды жасап, алдағы уақытта одан да жинақы және байыпты ойнаймыз.
— Биыл ойыншыларға құрметақы немесе сыйақылар беріле ме?
— Бұл туралы нақты айта алмаймын. Дегенмен, олар лайық деп ойлаймын. Маусымның басымен салыстырғанда, қазір жағдай әлдеқайда жақсы. Олар үшін әр екі күн сайын матч өткізу оңай емес. Біз құрамды енді ғана құрып жатырмыз. Кейбір хоккейшілердің ойын тәжірибесі аз және мүлдем жоқ, — деп келтіреді Мамбетәлиевтің сөзін Шайба.kz.
Футбол
Бүгін 04:02
Теннис
Бүгін 02:56
Футбол
Бүгін 02:28