locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Мамбетәлиев Барыстың кезекті жеңілісіне өкінішпен пікір білдірді

Хоккей 06 жел 2024 15:12
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Мамбетәлиев Барыстың кезекті жеңілісіне өкінішпен пікір білдірді
Фото: HC Barys Astana

Астаналық “Барыс” командасының бас бапкері Ғалым Мамбетәлиев “Северстальге” қарсы өткен матчтың қорытындысын шығарып, нәтижеге байланысты өз ойын айтты. Бұл ойында елордалық команда 3:5 есебімен жеңіліске ұшырады.

ҚХЛ. Барыс құлдырауын жалғастыруда: астаналықтардың кезекті жеңілісі.

“Біз ойынды сақтықпен бастадық. Қарсылас команда қысым көрсетеді деп күттік. Бірінші кезеңді аман-есен өткердік деуге болады. Бірақ екі қарымта шабуылдан гол жіберіп алдық, сонымен қатар, азшылықта ойнап тұрған кезде де қателіктер орын алды. Бұны болдырмауға болатын еді, бірақ, не істей аламыз, бұл – хоккей. Үшінші кезеңде гол соғып, жігерлене бастадық, тағы екі шайбаны қақпаға енгіздік. Алайда ойыншыларды алмастыру кезінде түсініспеушілік орын алып, тәртіп бұзылды, ал соңында бізге бос қақпаға шайба соғылды. Ойынның нәтижесі осылайша шешілді”,-деді Мәмбетәлиев өз пікірінде.

Айта кетейік, бұл жеңіліс “Барыс” үшін ҚХЛ аясындағы қатарынан жетінші жеңілісі болып тіркелді. Қазіргі таңда Мамбетәлиевтің шәкірттері 21 ұпаймен Шығыс конференциясының кестесінде 11-орынды, яғни соңғыдан бір орын жоғарыны иеленіп отыр.

“Барыс” хоккейшісі “Северстальға” қарсы өткен ҚХЛ матчында үздік атанды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie