locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Маман Барыстың маусым басындағы сәтсіздігі жайлы

Фото: Барыс

Хоккейден Қазақстан федерациясының экс-вице президенті Владимир Корсунский "Барыстың" ҚХЛ-дағы сәтсіздігін атап өтті.

"Командаға соғылар шайба жетіспеуде. Кез-келген кезде шайба соға алатын мықты шабуылшы жоқ. Қорғаныстада үлкен ақаулар бар - соңғы үш ойында 14 шайба өткізді!

Менің ойымша, мынадай сәтсіздіктерден кейін ойыншылар өздерінен сенім жоғалтты. Барыстың құрамы жаман емес, түсініспеушілік жетіспеуде", - деді маман Sports.kz басылымына.

"Барыс" қазіргі кезде ҚХЛ-дың нашар клубы. Дэвид Немировски шәкірттері алғашқы төрт ойында жеңілді. "Барыс" Шығыс конференцияда соңғы орында орналасқан.

17 қыркүйектен бастаа "Барыстың" сырт алаңдағы ойындары басталады.

"Автомобилист" - "Барыс". Онлайн көру. LIVE трансляция.