Максим Мусоров «Барысқа» қайта оралуы мүмкін: шабуылшы КХЛ-да қайта ойнауға жақын


Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Мусоров жақын арада ҚХЛ клубы «Барыстың» құрылымына қайта оралуы мүмкін, деп хабарлайды Shaiba.kz.
24 жастағы шабуылшы - өскемендік хоккей мектебінің түлегі - бұған дейін 2016–2022 жылдар аралығында, сондай-ақ 2023/2024 маусымында астаналық команданың намысын қорғаған. Оның ҚХЛ-да өткізген 75 матчында 9 нәтижелі әрекеті бар (4 гол, 5 пас).
Ағымдағы маусымды Мусоров шотландиялық «Файф Флайерз» клубында EIHL чемпионатында бастап, 12 кездесуде 7 ұпай жинады (4 гол, 3 пас). Кейін ол Қазақстанға оралып, Pro Hokei Ligasy аясында «Торпедо» сапында ойнады. Тұрақты біріншілікте 10 матчқа қатысып, 11 ұпай (2+9) жинаса, плей‑офф кезеңінің 16 ойынында жеке есебіне тағы 13 ұпай (4+9) қосты.

Футбол
Бүгін 08:37

Футбол
Бүгін 08:11