Үлкен ауқымдағы күш сынағы. Қазақстан жастар құрамасы «Номадпен» жолдастық кездесу өткізді


Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатына дайындық барысында «Номад» командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Кездесу ұлттық құрама ойыншыларының басымдылығымен өтіп, олардың 6:1 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды.
10 сәуірде Қазақстан жастар құрамасы мен «Номад» тағы бір жолдастық кездесу өткізеді.
12 сәуірде Қазақстан жастар құрамасы Венгрияға жол тартады. Онда құрама 2025 жылғы әлем чемпионатына дайындықты жалғастырады. Қазақстандықтар доданың бірінші дивизионында А тобында өнер көрсетеді. Венгрияның Секешфехервар қаласында олардың қарсыластары Украина, Аустрия, Дания және Словения құрамалары болады. Турнир 20-26 сәуір аралығында өтеді.
Астанада Қазақстан жастар құрамасы «Барыс Аренада» әлем чемпионатына дайындалып жатыр.

Футбол
Бүгін 06:03
