«Команданы шайбадан құтқаруға тырыстым». Бояркин ӘЧ-на қатыса алмайтын жарақаты туралы айтты


Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубының қақпашысы Никита Бояркин Тольяттидің «Ладасына» қарсы матчта (2:4) алған ауыр жарақаты жайлы айтып берді. 26 жастағы қақпашы екінші кезеңнің басында жарақат алып, мұз айдынан зембілмен кетті.
«Команданы шайбадан құтқаруға тырыстым. Төменгі бұрышты барынша тез жауып тастау керек болды. Сол сәтте мен қақпадан қозғалғанда дене салмағы алға қарай қозғалысын жалғастырды. Аяқтың төменгі бөлігі тоқтап қалды, ал жоғарғы бөлігі қозғалысын жалғастырды. Соның салдарынан айқас байлам жыртылып кетті»,- деді ол «Головой об лед» YouTube арнасына берген сұқбатында.
Бояркин «Барыс» сапында сәтті маусым өткізіп жатты. Тқрақты чемпионатта ол 38 матчқа қатысып, 92,4% соққыны қайтарды, сенімділік коэффициенті — 2,45 болды.
Никита 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы болады деп күтілген еді. Алайда енді құрама көшбасшысының көмегінсіз ойнауға мәжбүр болады.

Футбол
Кеше 18:07

Футбол
Кеше 17:27

Футбол
Кеше 16:59