Канадалық маман Ги Буше "Авангард" клубының бас бапкері атанды
Хоккейден "Авангард" клубы канадалық бапкер Ги Бушемен келісімшартқа отырды. Келісім 2025/2026 маусымының соңына дейін жарамды.
Ги Буше бапкерлік мансабын 1990-жылдардың соңында QMJHL және QMAAA лигаларында бастады, онда ол әртүрлі командаларда бас бапкердің көмекшісі және бас бапкер ретінде жұмыс істеді. 2009/2010 маусымында ол AHL-дегі "Гамильтон Бульдогз" командасының бас бапкері болып тағайындалды. Ал 2011 жылы "Тампа-Бэй Лайтнинг" клубының бас бапкері атанып, 2013 жылға дейін қызмет атқарды. Кейін швейцариялық "Берн" клубының шақыруын қабылдап, 2016 жылға дейін сонда жұмыс істеді. НХЛ-ға қайта оралған Буше "Оттава Сенаторз" клубын үш маусым бойы (2016–2019) басқарды.
Өткен маусымда 53 жастағы маман "Торонто Мэйпл Лифс" командасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды. Хоккей сарапшысы Артур Хайруллиннің мәліметінше, Ги Бушенің "Авангард" клубындағы жалақысы жылына шамамен 1,5 миллион долларды құрайды.
Ги Буше Омбыға желтоқсан айының бірінші жартысында келіп, командамен ресми жұмысын бастайды. Осы уақытқа дейін бас бапкердің міндетін Сергей Звягин атқарады.
ҚХЛ: Барыс, Сибирь командасына есе жіберді. Голдар видеосы мен матчқа шолу
Хоккей
Бүгін 00:38
Футбол
Бүгін 00:28