locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Канадалық клуб XXI ғасырдағы Стэнли кубогының анти-рекордын орнатты

Хоккей 19 мам 2025 03:30
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Канадалық клуб XXI ғасырдағы Стэнли кубогының анти-рекордын орнатты
ФОТО: Getty Images

Торонто қаласындағы «Скоушабэнк-Арена» стадионында ҰХЛ плей-офф кезеңінің екінші раунды аясында жетінші матч өтті. «Торонто Мэйпл Лифс» өз алаңында «Флорида Пантерз» клубын қабылдады.

Қонақтар кездесуді сенімді түрде өз пайдасына аяқтап, 6:1 есебімен жеңіске жетті және Стэнли кубогының жартылай финалына жолдама алды. Ал «Торонто» үшін бұл қатарынан сегізінші рет плей-оффтың шешуші жетінші матчында жеңіліс тапқан кездесу болды. Мұндай көрсеткіш XXI ғасырда алғаш рет тіркеліп отыр.

Айта кетейік, команда 2013 жылдан бері шешуші кездесулерде бірде-бір рет жеңіске жете алмаған. Бұл ҰХЛ тарихындағы екінші ең ұзақ серия. Бірінші орында – «Нью-Йорк Рейнджерс»: олар 1937–1984 жылдар аралығында 10 рет қатарынан шешуші матчтарда жеңілген.

Осыған дейін «Колорадо Эвеланш» клубы 2002 жылдан бері жеті рет осындай сәтсіздікке ұшыраған еді, бірақ енді бұл антирекордты канадалық ұжым басып озды.

Стэнли кубогының жартылай финалистері анықталды: «Флорида» титулды қорғауға кірісті, ал «Эдмонтон» жарыста қалды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie