Иван Николишин ҚХЛ-да 300 матч өткізді
Хоккей
Бүгін 12:16
Азат Максутбек
sports24 сарапшы
ФОТО: photo.khl.ru
"Барыс" хоккейшісі Иван Николишин Құрлықтық хоккей лигасында 300 матч өткізді, деп хабарлайды Sport+.
"Спартакқа" қарсы мерейтойлық матчта барыс ойыншысы ассистпен атап өтілді. Жалпылай алғанда 300 матчта 28 жастағы шабуылшы 50 шайба мен 75 ассистпен ерекшеленді.
Естеріңізге сала кетейік, шабуылшы биыл 9 қазанда елордалық клубқа ауысты. Осы маусымда ол "Барыс" сапында 18 матч өткізіп, екі шайбамен және екі нәтижелі пас берумен ерекшеленді.
Бүгін "Барыс" "Спартактан" 2:4 есебімен ұтылды, елордалық клуб үшін бұл маусымда қатарынан алтыншы жеңіліс болды.
Танымал жаңалықтар
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13