Әйелдер хоккейі: VI қысқы спартакиаданың жеңімпаздары анықталды


26 наурыз бен 1 сәуір аралығында Өскемен қаласында VI қысқы спартакиада аясында әйелдер хоккейінен турнир өтті.
Жарысқа бес өңірден 95 хоккейші қатысты. Финалда Алматы құрамасы Шығыс Қазақстан облысының командасын 3:1 есебімен жеңіп, қатарынан алтыншы рет чемпион атанды. Қола жүлдені Алматы облысының құрамасы иеленді.
Турнир қорытындысы бойынша ең үздік қақпашы болып Қарағанды облысының өкілі Варвара Арабская танылды. Алматы құрамасынан Алина Иванченко үздік қорғаушы атанса, Шығыс Қазақстан облысының хоккейшісі Татьяна Фокина үздік шабуылшы деп танылды. Турнирдің ең үздік сұрмергені 15 шайба соққан Карина Фельзинк болды.
Ең ірі жеңісті Шығыс Қазақстан облысының құрамасы тіркеді, олар Қарағанды облысын 21:0 есебімен ұтты. Сондай-ақ, бұл команда ең көп қақпаға соққы жасаған (207) және ең көп шайба соққан (52) команда ретінде ерекшеленді. Ал ең көп шайба жіберіп алған команда – Астана (47).
Қазақстанның әйелдер ұлттық хоккей құрамасы 3 сәуірде бірінші дивизионның әлем чемпионатына дайындықты бастайды.
