locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хоккейден Қазақстан құрамасы жаттығуларға кірісті

Хоккей 21 там 2024 07:19
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Хоккейден Қазақстан құрамасы жаттығуларға кірісті

20 тамыз күні, "Барыс Аренада" хоккейден Қазақстан құрамасының дайындығы басталды. Жаттығулар 22 тамызға дейін өтеді. Команда Олимпиаданың екінші іріктеу турына дайын болу қажет. Оден кейін құрама Чехия және Словакияда жаттығу жасайды.

Қазақстандық хоккейшілерге Олимпиада іріктеу кезеңінде үш ойын өткізу керек:

  1. 29 тамыз Венгрияға қарсы ойын, төрешінің ысқырығы Астана уақытымен 17:00-де шалынады
  2. 30 тамыз Австрияға қарсы ойын, ойын Астана уақытымен 17:00-де басталады
  3. 1 қыркүйек Словакиямен ойын, алғашқы ысқырық Астана уақытымен 21:00-де шалынады.