locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Хоккейден Қазақстан құрамасы Чехияда жеңіске жетті,енді құрама Олимпиаданың іріктеуіне дайындалады

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2026 жылы Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына іріктеудің шешуші кезеңі алдындағы соңғы ойынын өткізді. Хомутов қаласында өткен кездесуде қазақстандық хоккейшілер жергілікті клубты 4:2 есебімен жеңді. Максим Мухаметов, Артём Лихотников, Роман Старченко және Никита Михайлис шайбаларды соқты.

Хомутов командасы Чехияның екінші лигасында өнер көрсетеді. Қос тараптың жаттықтырушылар штабының шешімі бойынша матч жабық режимде өтті, сондықтанда бейнетрансляция жасалмады. 27 тамызда Қазақстан құрамасы Братиславаға келіп, 29 тамызда Венгрия құрамасына қарсы іріктеудің алғашқы матчын өткізеді. 30 тамызда Австриямен, ал 1 қыркүйекте турнир иелері — Словакия құрамасымен кездеседі.