Хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалдық жұптары белгілі болды.


2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңі 20 мамыр күні аяқталды. Соңғы ойын күнінде алты матч өтті, олардың нәтижесінде ширек финал жұптары толықтай анықталды.
А тобынан ширек финалға келесі құрамалар өтті: Канада, Швеция, Финляндия және турнирдің басты сенсациясы – Аустрия құрамасы. В тобынан плей-офф кезеңіне Швейцария, АҚШ, Чехия және Дания жолдама алды.
Осылайша, ширек финалдың жұптары келесідей болды:
• Канада — Дания
• Швеция — Чехия
• АҚШ — Финляндия
• Швейцария — Аустрия
Бұл кездесулер 22 мамырда өтеді. Жеңімпаздар жартылай финалда бір-бірімен кездесіп, медальдар үшін таласты жалғастырады.
Қазақстан құрамасы В тобындағы топтық кезеңді үш ұпаймен сегізінші, яғни соңғы орында аяқтады. Жалғыз жеңіс Норвегияға қарсы ойында (2:1) тіркелді. Осылайша, Қазақстан құрамасы элиталық дивизионмен қош айтысып, келесі маусымда әлем чемпионатының бірінші дивизионында өнер көрсетеді.
