Хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты: Швеция мен Швейцария плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды


Швеция мен Данияда өтіп жатқан хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатында алғашқы ширек финалистер белгілі болды. Турнирдің плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын өткен алғашқы командалар - Швеция мен Швейцария.
Швеция құрамасы А тобында қарсылас шыдатпай көш бастап келеді. Команда алғашқы бес матчтың барлығында жеңіске жетіп, 15 ұпай жинады. «Үш тәж» Словакияны (5:0), Аустрияны (4:2), Финляндияны (2:1), Латвияны (6:0) және Словенияны (4:0) айқын басымдықпен ұтты.
Қазақстан құрамасы өнер көрсетіп жатқан В тобында да көшбасшы анықталды - Швейцария ұлттық құрамасы плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды. Олар Чехиядан овертаймда ғана жеңіліп (4:5), қалған төрт ойында қатарынан жеңіске жетті: Дания (5:2), АҚШ (3:0), Германия (5:1) және Норвегия (3:0). Осы нәтижелердің арқасында швейцариялықтар ширек финалға шықты.
Ал Қазақстан құрамасы төрт турдан кейін В тобында 7-орында тұр. Команда үш матчта жеңіліп, тек Норвегияны (2:1) жеңіп, 3 ұпай жинады. Плей-оффқа шығу мүмкіндігі әлі де бар, алайда қалған ойындарда, соның ішінде 20 мамыр күні Швейцарияға қарсы өтетін кездесуде, тек жақсы нәтиже көрсетуі қажет.

