ҚХЛ. Барыстыңкелесі қарсыласы тұрақты чемпионат матчында тартысты ойын көрсетті
Магнитогорскінің “Металлург” командасы тұрақты чемпионат аясындағы матчта сырт алаңда уфалық “Салават Юлаевты” овертаймда жеңді. Кездесу магнитогорліктердің 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.
“Салават Юлаев” матч барысында екі рет алға шыққан болатын - Александр Шмелевский (11-минутта) және Ярослав Цулыгин (16-минутта) көзге түсті, алайда жеңіліске ұшырады. Қонақтардың қатарында негізгі уақытта шайбаны Роман Канцеров (12-минутта) және Робин Пресс (30-минутта) соқса, овертаймда жеңіс шайбасын Денис Зернов соқты.
ҚХЛ. Тұрақты чемпионат матчы
“Салават Юлаев” - “Металлург” - 2:3 (2:1; 0:1; 0:0; 0:1)
1-кезең
10:10 - Шмелевский – 1:0
11:59 - Канцеров (Вовченко) – 1:1
15:44 – Цулыгин (Пименов) – 2:1
2-кезең
29:24 - Пресс (Канцеров) – 2:2
3-кезең
Шайба соғылмады
Овертайм
61:38 - Зернов (Канцеров) – 2:3
Қақпашылар: Самонов - Смолин
Айта кетейік, “Металлург” ҚХЛ-да “Барыстың” келесі қарсыласы болады - бұл матч 20 қараша күні Астанада өтеді. Кездесу Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Pro Hokei Ligasy. “Ақтөбе” “Хумо” командасын сырт алаңда жеңіп, чемпионаттағы жеңісіне қол жеткізді.
Баскетбол
Бүгін 13:36
Футбол
Бүгін 07:04