ҚХЛ. Барыс құлдырауын жалғастыруда: астаналықтардың кезекті жеңілісі
6-желтоқсан, жұма күні, ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында череповецтік “Северсталь” мен қазақстандық “Барыс”арасындағы матч өтті. Матчтың соңына дейін жеңімпазды болжау қиын болды, алайда соңғы ысқырық Череповец командасының 5:3 есебімен айқын жеңісін тіркеді.
ҚХЛ. Тұрақты чемпионат матчы. 6-желтоқсан
Северсталь – Барыс – 5:3 (1:0; 1:1; 3:2)
Шайбалар: 9:10 - Скоренов - 1:0; 26:37 - Скоренов (Муханов, Абросимов) - 2:0; 38:58 - Әсетов (Николишин) - 2:1; 45:29 - Коростелев (Пилипенко, Аймурзин) - 3:1; 48:28 - Пилипенко (Калдис) - 4:1; 49:04 - Бурдасов (Николишин, Бекетаев) - 4:2; 56:20 - Бурдасов (Әсетов, Өмірбеков) - 4:3; 59:46 - Скоренов - 5:3.
Қақпашылар: Шостак – Шутов.
“Северсталь” ҚХЛ-дың Батыс конференциясында алтыншы орынды иеленуде. Череповец командасының қоржынында 38 ұпай бар.
Ал “Барысқа” келсек, Мамбетлиев шәкірттері Шығыс конференциясында соңғының алдындағы, яғни 11-орында тұр. Астаналық команданың есебінде 21 ұпай бар.
Футзал
Бүгін 03:08
Футбол
Бүгін 02:31
Футбол
Бүгін 02:12