locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

ҚХЛ. Барыс конференциясындағы клубтар буллит сериясында мықтыны анықтады

Хоккей 06 қара 2024 12:24
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
ҚХЛ. Барыс конференциясындағы клубтар буллит сериясында мықтыны анықтады
Фото: сайт ХК "Сибирь"

Уфаның “Салават Юлаев”командасы сырт алаңда Новосибирскінің “Сібір” клубын буллит сериясында жеңіп, ҚХЛ тұрақты чемпионатындағы кездесуде 3:2 есебімен басым түсті.

Уфалықтардан Шелдон Ремпал мен Григорий Панин шайба авторы атанса, ал новосибирскілік клуб сапында Федор Гордеев дубль жасады. Айта кетейік, Гордеев екінші шайбасын негізгі уақыттың екінші кезеңі аяқталуына 12 секунд қалғанда соқты.

Жеңісті буллитті “Салават Юлаев” сапынан Александр Хмелевский дәл жүзеге асырды.

“Сібір” – “Салават Юлаев”– 2:3 (1:0; 2:2; 0:0; 0:0) БС

1-кезең

14:38 – Гордеев (Гоголев) – 1:0

2-кезең

7:52 – Ремпал (Шаров) – 1:1

2:45 – Панин (Пименов) – 1:2

0:12 – Гордеев (Яковлев) – 2:2

3-кезең

Шайба соғылған жоқ

Буллиттер:

65:00 – Хмелевский – 2:3

“Салават Юлаев” 26 ұпаймен “Шығыс” конференциясының турнирлік кестесінде төртінші орында. “Сібір” 22 ұпаймен жетінші орынға жайғасты.

Еске сала кетейік, ҚХЛ-дың “Шығыс” конференциясында 14 ұпаймен астаналық “Барыс” 11-ші орында орналасқан.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie