locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Еуропа аренасындағы триумф: «Айсұлу» EWHL чемпионы атанды

Хоккей 27 нау 2025 03:09
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Еуропа аренасындағы триумф: «Айсұлу» EWHL чемпионы атанды
ФОТО: Getty Images

Қазақстанның әйелдер хоккей командасы «Айсұлу» Еуропалық әйелдер хоккей лигасында (EWHL) жеңіске жетіп, жоғары шеберлігі мен табандылығын көрсетті.

Шешуші кездесуде қазақстандық хоккейшілер Австрияның Санкт-Пельтен қаласынан келген «Сэйбрз» клубымен бақ сынады. Алғашқы матч 1:1 есебімен тең аяқталса, екінші ойында қазақстандық спортшылар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Чемпиондық атақты қамтамасыз еткен жеңіс шайбасын овертаймда Эннлиз Хэйз соқты. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының мүшелері Малика Алдабергенова мен Пернеш Әшімова нәтижелі пастарымен көзге түсті.

EWHL. Финал. 27 наурыз

«Сэйбрз» - «Айсұлу» - 1:2

Бұл жеңіс қазақстандық әйелдер хоккейі үшін тарихи оқиғаға айналып, «Айсұлу» клубының халықаралық деңгейдегі жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Торпедо» сериядағы есепті қысқартты, «Хумоға» қарсы өз алаңында жеңіске жетті.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie