"Есеп басқаша болушы еді": Барыс бапкері Автомобилистке қарсы ойын жайлы айтты
Барыстың бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев КХЛ тұрақты маусымындағы "Автомобилистке" қарсы өткен матчтағы (1:3) өз алаңындағы жеңілісі жайлы пікір білдірді.
"Ойын ауыр өтті, қарсылас шебер, сауатты ойнайды. Әрине, көптеген ойыннан шеттету болды. Бірінші голға дейін, негізінен, жаман ойнаған жоқпыз, қайта оралып тырысып бақтық, бірақ кейін олар тағы екі шайба соқты... Команда ойын сайын өсіп келеді. Маған бұл ұнайды. Ойлаймын, біз барлық компоненттерде: көпшілікпен ойнау, шабуылда, жетіле түсеміз".
Қазақстандық қақпашы Андрей Шутовтың ойыны туралы маман былай деді:
"Андрей жарады, тырысты, ойында ұстады. Тағы айтамын, қайтарымда көбірек жұмыс істеу керек. Келесіде Андрей жақсы формаға келіп, бабында болады деп ойлаймын".
Сондай-ақ, Барыс жаттықтырушысы сөзін былай толықтырды:
"Мүмкіндіктер жасаудамыз, тек бүгін қарсылас та көптеген шайбаларды тосып алды. Айтып отырмын ғой, қайтарымда бір қате – нәтижесінде гол. Әйтпесе, есеп басқаша болушы еді. Қарсылас біздегі қайтарымдағы бір қателік салдарынан гол соқты".
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20