Ертіс сенсациялық түрде Арланнан реванш алды. Алматы мен Торпедо қарсыластарын оңай жеңді
7 қазанда Қазақстан хоккей чемпионаты аясында үш матч өтті.
“Торпедо” “Құлагерді” 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді. Көпшілікті таңғалдырған “Ертіс” қатар өткен матчта “Арланнан” өткен кездесу үшін кек қайтарып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Күннің соңғы ойынында “Хумо” клубы “Алматыдан” 2:5 есебімен ұтылды.
Қазіргі уақытта чемпионатта көш бастап тұрған команда – “Торпедо”. Олардың қоржынында 14 ұпай бар. Екінші орынды “Арлан” иеленсе, үздік үштікті “Сарыарқа” түйіндеп тұр.
Қазақстан хоккей чемпионаты, 7 қазан
“Торпедо” – “Құлагер” – 6:3 (3:0, 1:2, 2:1)
Шайбалар: 1:0 – Рифель, 06:06, 2:0 – Кляузов, 13:11, 3:0 – Александров, 17:27, 3:1 – Ананичев, 21:18, 4:1 – Тютюньков, 23:47, 4:2 – Недилько, 33:56, 5:2 – Рысбеков, 52:13, 5:3 – Гончаров, 52:39, 6:3 – Зубов, 56:37
“Ертіс” – “Арлан” – 3:2 (1:1, 1:0, 1:1)
Шайбалар: 0:1 – Боровков, 14:27, 1:1 – Абдрашитов, 17:08, 2:1 – Кнауб, 39:14, 2:2 – Парамонов, 44:21, 3:2 – Ямалов, 48:49
“Алматы” – “Хумо” – 5:2 (1:0, 2:1, 2:1)
Шайбалар: 1:0 – Хоменко, 10:54, 1:1 – Мальцев, 22:55, 2:1 – Туник, 24:52, 3:1 – Давыдов, 26:23, 3:2 – Гренц, 46:29, 4:2 – Тунхузин, 54:50, 5:2 – Туник, 55:50
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35