locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Ербол МЫРЗАБОСЫНОВ Барыстың мәселелері туралы: "Есесіне бізде команда бар"

Хоккей 13 қара 2024 13:12
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: Sports.kz

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордалық “Барыс” хоккей клубының мәселелеріне қатысты пікір білдірді.

“Сіздер білесіздер, ”Барыс" хоккей клубының басшылығы ауысты. Біз 18-19 жастағы өз ойыншыларымызға басымдық бердік. Иә, техникалық және тактикалық деңгейде кемшіліктеріміз бар. Бірақ есесіне бізде команда бар, үш матчта жеңіске жеттік. Сонымен қатар, үш басқа клуб аясында да осы жұмысты жоспарлап отырмыз. Келісімшарттарға қатысты және басқа да мәселелер бар, оларды бір күнде шешу мүмкін емес. Сонымен бірге, жеке көзқарас болады. Хоккейде көптеген легионерлерді шектетік.

Жаңа заң жобасы аясында бюджет қаражаты мен квазимемлекеттік сектордан қаржыландыру болмайды, тек демеушілер есебінен жүзеге асады. Егер қандай да бір клуб спортшыны қаржыландырғысы келсе, оған демеуші табу қажет болады", – деді министр.

Еске сала кетейік, астаналық команда басшылық ауысқаннан кейін барлық легионерлер мен көптеген ресейлік ойыншылармен қолданыстағы келісімшарттарды бұзған болатын.

Клуб бұл үшін шамамен 53 млн рубль жұмсады. Маклаудқа өтемақы шамамен 18,5 млн рубльді, Бутчерге – 21,5 млн, ал Больеге – 13 млн құрады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie