“Екі голдық шабуылға қатысты” : ҚХЛ-да жеңісті матчта «Барыстың» басты қаһарманы анықталды
Хоккей сарапшысы Алексей Шевченко өзінің телеграм-арнасында осы маусымдағы астаналық “Барыстың” ҚХЛ-де екатеринбургтік “Автомобилистке” қарсы ойында қол жеткізген алғашқы жеңісіндегі (2:1) әсерімен бөлісті.
“Қаһарман — Роман Старченко. Ол екі голдық шабуылға қатысты - екі нәтижелі пас. Тәжірибе деген, шынында да, керемет нәрсе. Статистикаға келетін болсақ, Маклауд 70 пайыз лақтыруда жеңді. Оны 30 (!) рет шайбаға таласу нүктесіне қойған екен. Қызықты сәт. “Барыс”қорғаушысы Бейбарыс Оразовты тура МХЛ ойындарынан шақырып алды. Ол кеше ғана жастар құрамасында болған. Ал оның дебюті жаман болған жоқ. 8 минут ойнап, өзіне сын айтқызбады”,-деп жазды Шевченко өзінің телеграм-арнасында.
Бүгінгі жеңіске дейін “Барыс” қатарынан төрт матчта жеңілді.
Енді “Барыс” сырт алаңда “АК Барспен” (19.09) және “Витязьбен” (21.09) кездеседі.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49