Джессика Кэмпбелл ҰХЛ алғашқы әйел-бапкер
32 жастағы Джессика Кэмпбелл Ұлттық хоккей лигасындағы алғашқы әйел-бапкер атанды, деп хабарлайды ҰХЛ ресми сайты. Маман “Сиэтл Кракен” командасының бапкерлер штабына енді.
-Мен үлкен команданың бір бөлігі екенім мені қуаттандырады және алға ұмтылуға мүмкіндік береді.
Өзінің бапкер ретіндегі алғашқы ойынын “Сент-Луис Блюз” командасына қарсы өткізді. Кездесу Кэмпбелл командасының пайдасына 3-2 есебімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, хоккейден өткен әлем чемпионатында Джессика Кэмпбелл Германия құрамасының бапкерлер штабына кірді. Ол Тони Седерхольмнің Германия құрамасындағы көмекшісі болды. Канада құрамасында ойыншы ретінде ол жастар арасындағы әлем чемпионаттарында алтын мен күмісті жеңіп алып, ересектер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Джессика екі жыл бұрын мансабын аяқтады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52