Дмитрий Квартальнов 900 кездесу өткізіп, ҚХЛ-ның тарихи рекордын орнатты
“Динамо” Минск командасының бас бапкері Дмитрий Квартальнов ҚХЛ-де (Құрлықтық хоккей лигасы) өткізілген матчтар саны бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы лиганың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта беларусь клубы өз алаңында астаналық “Барыспен” тұрақты чемпионат аясындағы кездесуін өткізіп жатыр. Бұл ойын 58 жастағы маман үшін ҚХЛ-дегі 900-ші матч болды. Квартальнов ҚХЛ тарихында осы көрсеткішке жеткен алғашқы бапкер атанды.
Матч саны бойынша екінші орында 722 ойын өткізген Владимир Крикунов тұр, ал Олег Знарок 709 матчпен үздік үштікті қорытындылайды.
Дмитрий Квартальнов 2023 жылы Минскінің “Динамо” командасының тізгінін ұстады. Бұған дейін ол Қазанның “Ақ Барс”, Ярославльдің “Локомотив”, ЦСКА, “Сібір” және Череповецтің “Северсталь” клубтарын жаттықтырған. 2014/15 маусымында оның басшылығымен ЦСКА Ресей чемпионы атанды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52