locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Дереккөз: Роман Старченко Барыспен бірге сырт алаңда өтетін ойындарға бармайды

Дереккөз: Роман Старченко Барыспен бірге сырт алаңда өтетін ойындарға бармайды

"Головой об лёд" Telegram-арнасы мәліметі бойынша, “Барыс” (Астана) командасының жаңа бас бапкері Владимир Буцаев клуб капитаны Роман Старченконы сырт алаңда өтетін ойындар сериясына алып бармау туралы шешім қабылдады.

Жақында өткен баспасөз конференциясында Буцаевтан клубтағы капитанның рөлі жайында сұрақ қойылған болатын.

"Капитан – бұл кеудесінде "К" әрпі бар ойыншы емес, бұл басқаша нәрсе", – деп пікір білдірді “Барыс” бас бапкері.

38 жастағы шабуылшы биылғы маусымда он матч өткізіп, екі нәтижелі паспен көзге түсті.

Еске сала кетейік, “Барыс” алдағы күндері үш қонақтағы матч өткізеді: 3 қазан күні Мәскеудің “Спартак” командасымен, 5 қазан күні Омбының “Авангардымен” және 7 қазан күні Екатеринбургтің “Автомобилист” командасымен.

Қазіргі уақытта астаналық клуб ҚХЛ-дың тұрақты чемпионатында 11 ойынның 9-ын ұтылып, Шығыс конференциясының соңғы орнында тұр.