Болякин: Бізде қателіктер болды, видеоны қайта қарап қателікпен жұмыс жасаймыз"
Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері Олег Болякин чехиялық клуб "Пиратыға" қарсы кездесу (4:2) туралы пікірімен бөлісті. Маман жеңісті әділ деп санайды, бірақ ол қателіктер бар екенін айтты.
"Бірінші кезең аса көңілден шықпады. Аркадий Шестаков, Леонид Метальников және Дінмұхамед Қайыржан кеше түнде келді. Бірінші кезеңде Блрисевичпен Рахмановқа мүмкіндік бердік, алайда олар өздерінің ойындарымен таңқалдырмады. Ауысымдар жасадық, екінші кезеңде біз сұраған хоккейді ойнай бастадық - иелік ете бастадық. бір ғана голға емес, үш мүмкіндіктер жасадық.
Қарсылас команда - шағылар жаңғақ емес, бір-бірімен жақсы ойнады, қорғаныстан шабуылға беттеді. Бізде түрлі қателіктер болды, бейнені қайта қарап, оны түзулейміз. Азаннан бері жұмыс жасаған басымдылық жақсы өтті. Қазір екінші бригаданы ұйымдастыруға мүмкіндік бар, алайда ол көңілімнен шықпады, Б нұсқасы бар. Ертең сол нұсқаны қарастырамыз" - деді Болякин.
29 тамыз, Қазақстан құрамасы Олимпиада іріктеу кезеңіндегі жорығын бастайды. Алғашқы қарсылас - Венгрия. Ойын Астана уақытымен 17:00-де басталадц.
Оған қоса, құрама іріктеу кезеңінде Австрия және Словакия құрамасымен ойнайды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20