locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Болашақ үшін алаңдаушылық»: «Барыс» жас хоккейшілерінің ата-аналары Президенттен көмек сұрады

Хоккей 07 сәу 2025 07:39
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Болашақ үшін алаңдаушылық»: «Барыс» жас хоккейшілерінің ата-аналары Президенттен көмек сұрады
ФОТО: Getty Images

Астаналық «Барыс» хоккей клубының жасөспірімдер мектебінде тәрбиеленіп жатқан спортшылардың ата-аналары Қазақстан Президентіне ашық хат жолдап, елдегі жасөспірімдер хоккейінің болашағына алаңдаушылық білдірді.

Shaiba.kz порталының хабарлауынша, бұған келесі маусымда клубтың жас командалары Ресей аумағында өтетін турнирлерге қатыспайтыны туралы ақпарат себеп болған.

Ата-аналардың айтуынша, халықаралық жарыстардан бас тарту жас спортшылардың кәсіби өсуіне кері әсерін тигізеді. Себебі дәл осындай турнирлер тәжірибе жинауға, шеберлікті арттыруға және әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысына жолдаған үндеулерінде олар мынадай ұсыныстарды алға тартты:

1.Жасөспірімдерге арналған «Барыс» хоккей мектебінің жоспарлау және қаржыландыру жүйесіне аудит жүргізіп, командалардың халықаралық беделді жарыстарға қатысуына жағдай жасау;

2.Турнирлерге қатысуға кедергі келтіретін қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелерді болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдау;

3.Жас хоккейшілердің ел ішіндегі және шетелдегі жарыстарға қатысуына қолдау көрсету;

4.Қазақстан хоккейіндегі басты құрылымдардың бірі болып саналатын «Барыс» клубының стратегиялық даму бағытына бақылауды күшейту.

Ата-аналар халықаралық тәжірибесіз отандық хоккейдің дамуы мүмкін емес деп санайды. Сол себепті олар бұл мәселені шешуде Президенттің қолдауына үміт артып отыр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie