locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бізге жақсырақ ойнау керек»: Барыс бапкері маусымдағы алғашқы жеңісі жайлы.

«Бізге жақсырақ ойнау керек»: Барыс бапкері маусымдағы алғашқы жеңісі жайлы.

Барыс хоккей клубының бас бапкері Дэвид Немировски командасының "Автомобилистке" қарсы жеңісі туралы өз пікір білдірді. Астаналық команда овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

"Барлығы жағдайды түсінді – бізге бұл жеңіс өте қажет болды. Бірінші кезеңді жақсы өткіздік, екінші кезеңде нашар ойнадық, ал үшінші кезеңде қайта оралуға тырыстық. Қақпашымыз өте сенімді ойнап, көптеген сәттерде көмектесті. Жалпы жаман емес, бірақ бізге жақсырақ ойнау керек",-дейді бапкер. Немировскидің сөзін Shaiba.kz жеткізді.

Бүгінгі жеңіске дейін "Барыс" қатарынан төрт матчта жеңіліс тапты.

Енді "Барыс" сырт алаңда "АК Барс" (19.09) және "Витязь" (21.09) командаларымен кездеседі.

Сондай-ақ, "Автомобилистпен" болған матчта қазақстандық команданың жеңісіне ҚХЛ-дің пікірі де бар.