Бейбарыс көшбасшысын жоғалтуы мүмкін: Клочков клубын ауыстыруға дайын
“Бейбарыс” клубының шабуылшысы Алексей Клочков жақын арада қазақстандық командадан кетуі мүмкін. Бұл туралы “Головой об лёд” Telegram арнасы хабарлады.
Атырау командасының капитаны өз мансабын Беларусь Республикасының чемпионатында жалғастыруы ықтимал.
29 жастағы ресейлік форвард 2024/2025 маусымында “Бейбарыс” сапында 18 матч өткізіп, 10 (6+4) ұпай жинады.
Қазіргі уақытта атыраулық клуб Қазақстан чемпионатында 10 ұпаймен соңғының алдындағы, яғни 10-орында тұр. Команда плей-офф аймағынан 12 ұпайға қалып отыр.
Алексей Клочков бұған дейін “Арлан” клубында, Ресейдің Жоғары хоккей лигасының (БХЛ) “Тамбов” және “Саров” командаларында, сондай-ақ Жастар хоккей лигасының (ЖХЛ) “Серебряные Львы” командасында өнер көрсетті.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13