«Бейбарыс» ХК қорғаушысы Олег Гофман қайтыс болды


«Бейбарыс» хоккей клубының ойыншысы Олег Гофман 24 жасында қайғылы жағдайдан көз жұмды.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиғаның нақты мән-жайы айтылмады.
Олег Гофман «Бейбарыс» сапында соңғы екі маусымда өнер көрсетті. Клуб оның сенімді қорғаушы әрі абыройлы азамат болғанын атап өтті. Қазаға байланысты шын жүректен көңіл айтып, марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл білдірді.
Мәскеулік «Динамо» клубы да көңіл айтты. Гофман осы клубтың тәрбиеленушісі болған. Ол жастар командасында 166 ойын өткізіп, 2021 жылы Харламов кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, ВХЛ құрамасында 25 матчқа қатысқан.
Ол кейіннен Туладағы АКМ, Красноярскінің «Сокол», сондай-ақ қазақстандық «Сарыарқа» және «Бейбарыс» клубтарында ойнады. «Матч ТВ» дерегінше, хоккейші Мәскеуде алтыншы қабаттан құлап қайтыс болған. Бұл ақпаратты марқұмның агенті Сергей Паремузов растады.
Олег Гофманмен қоштасу рәсімі 20 мамыр күні Мәскеу облысындағы Колычев зиратында өтеді.

Футбол
Бүгін 06:06
